1 күн бұрын
Семсерлесуші Кирилл Проходов әлем чемпионатындағы жекелей сынын аяқтады
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Семсерлесуден Гонконгта өтіп жатқан әлем чемпионатында сапы сайысынан ерлер арасындағы жекелей сындағы жүлделер сарапқа салынуда, деп хабарлайды Sport12.kz.
ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, үздік сегіздікке жолдама үшін өткен кездесуде Кирилл Проходов 2020 жылғы Токио Олимпиадасының командалық сайыстағы чемпионы, 2025 жылғы әлем чемпионатының командалық жеңімпазы әрі қола жүлдегері Масару Ямадамен (Жапония) жолы түйісті. Тартысты бәсекеде отандасымыз 11:15 есебімен жеңіліп қалды.
Осылайша, Қазақстан құрамасының ерлер арасындағы жекелей сайысындағы барлық өкілдері Гонконгтағы әлем чемпионатындағы өнерлерін аяқтады.
Ертең жүлделер үшін бәсекені найза сайысынан София Актаева және қылыштан Назарбай Саттархан, Қуаныш Ергашбай мен Артём Саркисян жалғастырады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан