Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

5 сағат бұрын

Таеквондодан әлем чемпионы Айым Серікбаеваға сыйақы табысталды

Таеквондодан әлем чемпионы Айым Серікбаеваға сыйақы табысталды

Фото: Қазақстан таеквондо федерациясы

Таеквондодан әлем чемпионы Айым Серікбаеваға қаржылай сыйақы табысталды, деп хабарлайды Sport12.kz.

KPNP компаниясы таеквондодан жастар арасындағы Әлем чемпионы Айым Серікбаеваға демеушілік қолдау ретінде қаржылай сыйақы мен спорт жабдықтарын табыстады.

Салтанатты рәсім Қазақ ұлттық спорт университетінің таеквондо ғылыми-зерттеу және дамыту орталығында өтті. Қаржылай сыйақыны спортшыға Қазақстандық таеквондо (WT) федерациясының Бас хатшысы Арал Садықов тапсырды.

Айта кетейік, бұған дейін KPNP компаниясы мен Қазақстандық таеквондо (WT) федерациясы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойған болатын. Серіктестік аясында тұңғыш рет қазақстандық таеквондошы, атап айтқанда, Айым Серікбаева компанияның ресми амбассадоры атанды.

Еске салсақ, бұдан бұрын Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында таеквондодан (WT) өтіп жатқан Kim Un Yong Cup G1 VII халықаралық турнирінде қазақстандық халықаралық дәрежедегі төреші Айдана Махимова «Үздік төреші» атағына ие болды.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан