Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

5 сағат бұрын

Қазақстандық таеквондо федерациясы Беларусь спорт министріне инновациялық жобаларды таныстырды

Қазақстандық таеквондо федерациясы Беларусь спорт министріне инновациялық жобаларды таныстырды

Фото: Қазақстан таеквондо федерациясы

Қазақстандық таеквондо (WT) федерациясы Беларусь Республикасының Спорт және туризм министрімен кездесу барысында инновациялық жобаларын таныстырды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Қазақстандық таеквондо (WT) федерациясының басшылығы Беларусь Республикасының Спорт және туризм министрі Сергей Ковальчуктың Қазақ ұлттық спорт университетіне жасаған ресми сапары аясында өткен кездесуге қатысты. Федерация атынан іс-шараға Бас хатшы Арал Садықов пен вице-президент Айзат Қарашашев қатысты.

Кездесу барысында Федерация өкілдері қонақтарға Таеквондоны зерттеу және дамыту орталығының қызметін таныстырып, VR Taekwondo инновациялық платформасының мүмкіндіктерін көрсетті. Сонымен қатар, Қазақстандық таеквондо (WT) федерациясы мен Қазақ ұлттық спорт университеті бірлесіп жүзеге асырып жатқан жобалар және таеквондодағы ғылыми-зерттеу мен білім беру бағыттарын одан әрі дамыту жөніндегі жоспарлар ұсынылды.

Кездесу аясында заманауи цифрлық технологияларды оқу-жаттығу үдерісіне енгізу, спортшыларды ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу және таеквондо саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Еске салсақ, бұдан бұрын Таеквондодан әлем чемпионы Айым Серікбаеваға қаржылай сыйақы табысталды.





Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан