Матч орталығы
Конференциялар лигасы Футбол Копенгаген Копенгаген 2:1 76 Дебрецен Дебрецен Конференциялар лигасы Футбол Рапид Вена Рапид Вена 1:0 77 Пайде Пайде Конференциялар лигасы Футбол Катовице Катовице 0:1 73 Хапоэль Тель Авив Хапоэль Тель Авив Жолдастық кездесулер, клубтар Футбол Ньюкасл Ньюкасл 0:2 60 Эвертон Эвертон Жолдастық кездесулер, клубтар Футбол Франкфурт 1899 Франкфурт 1899 0:3 Үзіліс Айнтрахт Айнтрахт Суперкубок Греции Футбол АЕК АЕК 0:0 33 ОФИ ОФИ Жолдастық кездесулер, клубтар Футбол Арсенал Арсенал 23:30 Бүгін Комо Комо Жолдастық кездесулер, клубтар Футбол Манчестер Юнайтед Манчестер Юнайтед 23:30 Бүгін Лидс Лидс Жолдастық кездесулер, клубтар Футбол Ноттингем Форест Ноттингем Форест 23:45 Бүгін Байер Байер Суперкубок УЕФА Футбол ПСЖ ПСЖ 00:00 Ертең Астон Вилла Астон Вилла Конференциялар лигасы Футбол Тобыл Тобыл 20:00 Ертең Партизан Партизан Премьер-лига Футбол Урарту Урарту 20:00 Ертең Сюник Сюник Конференциялар лигасы Футбол Флора Флора 21:00 Ертең Интер Эскальдес Интер Эскальдес Конференциялар лигасы Футбол ДАК ДАК 21:00 Ертең Твенте Твенте Конференциялар лигасы Футбол Қарабақ Қарабақ 21:00 Ертең Динамо Киев Динамо Киев Конференциялар лигасы Футбол Ильвес Ильвес 21:00 Ертең Риека Риека Конференциялар лигасы Футбол РФШ РФШ 21:30 Ертең Яблонец Яблонец Конференциялар лигасы Футбол Динамо Минск Динамо Минск 22:00 Ертең Брага Брага Конференциялар лигасы Футбол Тромсе Тромсе 22:00 Ертең ЧФР ЧФР Конференциялар лигасы Футбол Хаммарбю Хаммарбю 22:00 Ертең Ракув Ракув

1 сағат бұрын

Қазақстанда Спорт күніне орай 250-ден астам спорттық іс-шара өтеді

Қазақстанда Спорт күніне орай 250-ден астам спорттық іс-шара өтеді

Фото: ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитеті

Тамыз айының әр үшінші жексенбісінде елімізде Спорт күні аталып өтіледі, деп хабарлайды Sport12.kz.

Биыл да кәсіби мерекеге орай Қазақстанның барлық өңірінде бір апта бойы түрлі спорттық іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Мерекелік апта аясында еліміз бойынша 250-ден астам спорттық іс-шара өткізу көзделген. Олардың қатарында бұқаралық спорттық жарыстар, спартакиадалар, турнирлер, чемпионаттар, жүгіру марафондары, ұлттық спорт түрлерінен сайыстар, спорт ардагерлерімен кездесулер және басқа да іс-шаралар бар.

Іс-шараларға спортшылармен қатар балалар мен жасөспірімдер, спорт саласының мамандары, ардагерлер және қала тұрғындары қатысады.

Негізгі мақсат – халық арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту және азаматтарды тұрақты түрде дене шынықтырумен айналысуға тарту.

Кәсіби мерекелік апталықта Қазақстан Туризм және спорт мнистрлігінің Спорт күніне орай екі ауқымды республикалық іс-шара ұйымдастыруда.

11-15 тамыз аралығында Астана қаласындағы «Сарыарқа» велотрегінде өңірлердің дене шынықтыру және спорт мекемелері қызметкерлері арасында республикалық жарыс бастауын алды. Жарыс спорт саласының мамандарын біріктіріп, командалық рухты нығайтуға және әріптестер арасында тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, 12 тамыз асық ату, үстел тенисі, дойбы спорт түрлері бойынша спорт ардегерлері арасында жарыс өтуде.

Министрліктің қолдауымен 13-тамыз Қазақ Ұлттық Спорт Университетінде «Спортшылар кеңесі» ҚБ бірнеше тақырыпқа арналған пленарлық сессиясы өтеді. Қазіргі спорттағы реформалар, ардагер спортшылар мен мамандарды қолдау, медициналық өзгеріс пен даму жолдары жиын барысында кеңінен талқыланады.

Мерекелік апта аясында еліміздің өңірлерінде түрлі форматтағы ауқымды спорттық іс-шаралар өтеді. Атап айтқанда, Талдықорған қаласында спорт мекемелері қызметкерлері арасында облыстық спартакиада, Атырауда жасөспірімдер арасында кросс жүгіруден жарыс, Алматыда Спорт күніне арналған фестиваль және әуесқой велоспортшылар арасында Gran Fondo World Championship әлем чемпионаты, Қарағандыда «QARAQANDY HALF MARATHON – 2026» жартылай марафоны, Астанада бұқаралық веложарыс, «Astana Handball DAY» ашық гандбол турнирі және байдарка мен каноэде есуден қала чемпионаты, Ақтауда «Жас батыр» таеквондо кубогі, Шымкентте TARTYL FEST спорттық-бұқаралық фестивалі, Қостанайда «KOSTANAY HALF MARATHON» жеңіл атлетикалық марафоны ұйымдастырылады.

Бұл іс-шаралар кәсіби спортпен қатар, бұқаралық спортты дамытуға, халықтың спорттық белсенділігін арттыруға және салауатты өмір салтын кеңінен насихаттауға бағытталған.

Еске салсақ, бұдан бұрын әртістік жүзуден Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі Виктор Друзин Будапештте (Венгрия) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болды.



Біздің серіктес: Sport12kz