1 сағат бұрын
Азия ойындары: ат спортынан Қазақстан құрамасының тізімі белгілі болды
Фото: Қазақстан ҰОК
Ат спортынан Қазақстан құрамасының жаттықтырушылар штабы Аичи және Нагоя қалаларында өтетін 2026 жылғы Азия ойындарына қатысатын спортшыларды атады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Алдағы Азия ойындарында Қазақстан намысын төрт спортшы қорғайды.
Құрама сапына Олег Соколенко, Раиса Соколенко, Нұрила Тұрысбекова және Ксения Баталова енді. Аталған спортшылар конкурдан сынға түседі.
Айта кетейік, 2026 жылғы жазғы Азия ойындары Жапонияда 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтеді.
Еске салсақ, қазақстандық ауыр атлеттер Азия чемпионатында 20 медаль жеңіп алды.
Біздің серіктес: Sport12kz