3 күн бұрын
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті
Фото: ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитеті
Қазақстанның ауыр атлетикадан жасөспірімдер және жастар командасы Ташкентте өткен Азия чемпионатындағы жарысты жоғары нәтижемен аяқтады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қазақстандық ауыр атлеттер құрлық додасында 59 медаль, оның ішінде 19 алтын медаль жеңіп алды. Сонымен қатар ұлттық құрама спортшылары 16 рекорд — 11 Азия және 5 әлем рекордын жаңартты.
Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан 17 жасқа дейінгі қыздар және 20 жасқа дейінгі жастар арасында жалпы командалық есепте бірінші орынға ие болды.
Чемпионатта ерекше нәтиже көрсеткен спортшылардың бірі — Снежана Кашкарова. Ол үш Азия және үш әлем рекордын жаңартып, жарыстың қорытындысы бойынша ауыр атлетикадан Азия чемпионатының үздік спортшысы атанды.
Ал Ксения Прозорова жарыс барысында тағы екі әлем рекордын орнатты.
Еске салсақ, бұдан бұрын Еске салсақ, Семён Первушкин мен Дмитрий Ануприев академиялық ескек есуден U19 әлем чемпионатының В финалында өнер көрсетті.
Біздің серіктес: Sport12kz