17 сағат бұрын
Қазақстан ашық суда жүзуден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына қатысты
Фото: Қазақстан ҰОК
Аргентинаның Санта-Фе қаласында ашық суда жүзуден жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Дарина Сысоева қыздар арасындағы 5 шақырымдық жарыста (U15) 18-орыннан көрінді. 7,5 шақырым қашықтықта (U17) Саида Елемес 18-орынға тұрақтады.
Ұлдар арасында 5 шақырымдық жарыста (U15) Тимофей Лебедев 34-орынға табан тіреді. Ал Ярослав Губарев 7,5 шақырым қашықтықта (U17) 44-орыннан көрінсе, Руслан Максимов 46-орынға жайғасты.
Қыздар арасында жарыстан қалыс қалу сайысынан 3 шақырымдық қашықтықта (U19) Саида Елемес 15-орын алып, іріктеу кезеңінен өте алмады. Ерлер арасында Ярослав Губарев 27-орынға, Руслан Максимов 28-орынға ие болды.
Сондай-ақ Қазақстан құрамасы 4х1500 метрлік аралас эстафеталық жарыста (U19) 18-орын алды. Құрама сапында Саида Елемес, Руслан Максимов, Дарина Сысоева және Ярослав Губарев өнер көрсетті.
Айта кетсек, 15-17 қазан аралығында Астанада жүзуден алғаш рет Әлем кубогының кезеңі өтеді. Елорда Silk Road Tour сериясының қорытынды кезеңін қабылдайды.
Біздің серіктес: Sport12kz