2 күн бұрын
Қазақстан батуттағы гимнастикадан Италиядағы Әлем кубогы кезеңінде бақ сынайды
Фото: Қазақстан ҰОК
Италияның Риччоне қаласында батуттағы гимнастикадан Әлем кубогының кезеңі өтеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Аталған халықаралық жарысқа 26 елден 114 спортшы қатысады.
Қазақстан құрамасының сапында Данияр Тусупов пен Егор Белюсенко сынға түседі. Отандастарымыз жекелей сайыста және синхронды секіруде ел намысын қорғайды.
Айта кетейік, Әлем кубогының кезеңі 2-4 қазан аралығында өтеді.
Айта кетсек, 7-10 қазан күндері Алматыдағы Halyk Arena спорт кешенінде мәнерлеп сырғанаудан дәстүрлі «Денис Тен Мемориалы» халықаралық турнирі өтеді.
Біздің серіктес: Sport12kz