1 күн бұрын
Көгалдағы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарында кімдермен кездеседі?
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Көгалдағы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасының Азия ойындарындағы ойын күнтізбесі белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Отандастарымыз іріктеу кезеңінде А тобында сынға түседі. Қарсыластары - Қытайлық Тайбэй, Оңтүстік Корея, Малайзия, Қтыай және Бангладеш.
Қазақстандық спортшылар алғашқы ойынын 21 қыркүйекте Оңтүстік Кореяға қарсы өткізсе, одан кейін 23 қыркүйекте Қытайлық Тайбэй, 25 қыркүйекте Бангладеш, 27 қыркүйекте Қытай құрамаларымен ойнайды.
Ал В тобында Үндістан, Жапония, Таиланд, Сингапур, Индонезия, Өзбекстан шеберлік байқасады.
Финал мен 3-орын үшін ойын 2 қазанға белгіленген.
Қазақстан әйелдер құрамасы қазірге дейін Азия ойындарына бес мәрте қатысқан еді. Әзірге жоғары жетістігімен қуанта алмай келеді. 1998, 2014 жылдары алтыншы орынға табан тіреді. Қалған кезеңде одан төмен нәтиже көрсетті.
Көгалдағы хоккей алғаш рет әйелдер арасында 1982 жылдан бері өткізіліп келеді. Қазірге дейін Оңтүстік Корея - 5, Қытай - 4, Жапония мен Үндістан - 1 мәрте жеңіс тұғырына көтерілді.
Еске салсақ, су добынан Қазақстан құрамаларының ойын кестесі анықталды.
Біздің серіктес: Sport12kz