4 күн бұрын
Қазақстан құрамасы шахмат Олимпиадасында екінші жеңісіне жетті
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Шахматтан Самарқанд қаласында 46-шы Олимпиаданың екінші тур ойындары өтті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Әйелдер арасында Қазақстан құрамасы 49-орындағы Босния және Герцеговинаны 3:1 есебімен жеңді. Бибісара Асаубаева мен Зарина Нұрғалиева қарсыластарымен ұпай бөліссе, Меруерт Камалиденова, Елназ Қалиахмет өз үстелінде басым болды.
Ерлер арасындағы бәсекеде де отандастарымыз 84-орындағы Нигериядан айласын асырды. Есеп: 3,5:0,5. Құрамадан тек Даниал Сапенов ғана тең түсіп, Денис Махнёв, Алдияр Аңсат және Жандос Ағманов жеңіске жетті.
Еске салсақ, бұдан бұрын Өзбекстанның Самарқанд қаласында шахматтан 46-шы Олимпиаданың ашылу салтанаты өтті.
Біздің серіктес: Sport12kz