Матч орталығы
Жолдастық кездесулер, клубтар Футбол Партизан Партизан 2:3 Аяқталды Родина Родина УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Литва Литва 1:1 Аяқталды Әзербайжан Әзербайжан Парсы шығанағы ұлттар кубогы Футбол Йемен Йемен 0:1 Аяқталды Катар Катар УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Сербия Сербия 1:2 Аяқталды Нидерланд Нидерланд УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Дания Дания 2:0 Аяқталды Уэльс Уэльс УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Гибралтар Гибралтар 0:0 Аяқталды Андорра Андорра УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Аустрия Аустрия 3:1 Аяқталды Косово Косово Сегунда Футбол Эйбар Эйбар 3:2 Аяқталды Лас Пальмас Лас Пальмас Парсы шығанағы ұлттар кубогы Футбол Бахрейн Бахрейн 0:3 Аяқталды БАӘ БАӘ УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Норвегия Норвегия 1:2 Аяқталды Португалия Португалия УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Германия Германия 0:1 Аяқталды Грекия Грекия УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Израиль Израиль 0:3 Аяқталды Ирландия Ирландия Сегунда Футбол Реал Овьедо Реал Овьедо 2:0 Аяқталды Спортинг Хихон Спортинг Хихон Жолдастық кездесулер, құрамалар Футбол Боливия Боливия 0:1 35 Парагвай Парагвай Жолдастық кездесулер, құрамалар Футбол Швейцария U19 Швейцария U19 14:30 Бүгін Қазақстан U19 Қазақстан U19 Жолдастық кездесулер, құрамалар Футбол Жапония Жапония 15:25 Бүгін Венесуэла Венесуэла Жолдастық кездесулер, құрамалар Футбол Оңтүстік Корея Оңтүстік Корея 16:00 Бүгін Уругвай Уругвай УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Грузия Грузия 21:00 Бүгін Украина Украина УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Латвия Латвия 21:00 Бүгін Кипр Кипр УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Армения Армения 21:00 Бүгін Черногория Черногория

10 сағат бұрын

Қазақстан әйелдер құрамасы шахмат Олимпиадасында күміс жүлде алды

Қазақстан әйелдер құрамасы шахмат Олимпиадасында күміс жүлде алды

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Шахматтан 16-27 қыркүйек күндері аралығында Өзбекстанның Самарқанд қаласында рекордтық 400-ге жуық команданың қатысуымен өткен Олимпиадада қыздарымыз екінші мәрте қатарынан күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Sport12.kz

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Олимпиаданың шешуші 11-турында Қазақстан әйелдер құрамасы Польшамен жолықты. Осы ойында команда сапынан Елназ Қалиахмет жеңіске жетсе, екінші тақтадағы Алуа Нұрман бірінші мәрте жеңілістің ащы дәмін татты. Бибісара Асаубаева мен Меруерт Камалиденова қарсыластарымен тең түсті. Қорытынды есеп: 2:2.

Айта кетейік, 2024 жылы Мажарстанда өткен шахмат Олимпиадасында да аруларымыз өз тарихында бірінші мәрте күміс жүлдеге ие болған еді.

Әйелдер. 189 команда

1. Қытай – 20 ұпай (9 жеңіс, 2 тең ойын)

2. Қазақстан – 18 ұпай (7 жеңіс, 4 тең ойын)

3. Үндістан - 17 ұпай (7 жеңіс, 3 тең, 1 жеңіліс)

Ерлер құрамасы шешуші турда Вьетнаммен 2:2 есебімен тең түсті.

Open. 205 команда

1.Өзбекстан – 20 ұпай (10 жеңіс, 1 жеңіліс)

2. Үндістан - 18 ұпай

3. Германия - 18 ұпай

20-30-орын аралығы. Қазақстан - 15 ұпай (6 жеңіс, 3 тең, 2 жеңіліс)

Отандастарымыз қалай ойнады?

1-үстел. 22 жастағы Бибісара Асаубаева — 3 жеңіс, 7 тең

2-үстел. 19 жастағы Алуа Нұрман - 5 жеңіс, 4 тең, 1 жеңіліс.

3-үстел. 21 жастағы Меруерт Камалиденова — 3 жеңіс, 4 тең, 3 жеңіліс

4 үстел. 16 жастағы Елназ Қалиахмет — 3 жеңіс, 1 тең, 1 жеңіліс

Резерв. 16 жастағы Зарина Нұрғалиева — 2 жеңіс, 2 тең, 1 жеңіліс

2 шахматшымыз дебютті Олимпиадасын өткізді.

Қандай ерекшеліктер тіркелді?

Шахмат Олимпиадасы алғаш рет Өзбекстанда өтті.

1992 жылдан бері шахмат Олимпиадасына қатысып келе жатқан Қазақстан әйелдер құрамасы өз тарихында бірінші мәрте жарысты жеңіліссіз (7 жеңіс, 4 тең) аяқтады.

Бибісара Асаубаева 3 Олимпиадада қатарынан жеңіліссіз келе жатыр:

2026 жыл. 3 жеңіс, 7 тең

2024 жыл. 3 жеңіс, 6 тең

2022 жыл. 5 жеңіс, 6 тең.

Айта кетсек, бұдан бұрын Қазақстанның әйелдер құрамасы Самарқандта өтіп жатқан 46-шы шахмат Олимпиадасында Арменияны жеңіп, қатарынан төртінші жеңісіне қол жеткізді.



Біздің серіктес: Sport12kz