12 сағат бұрын
Қазақстан ауыр атлетикадан әлем чемпионатына қатысады
Фото: Қазақстан ҰОК
Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) Қытайдың Нинбо қаласында өтетін әлем чемпионатына қатысатын спортшылардың алдын ала тізімін жариялады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Әлем біріншілігінде жеті қазақстандық спортшы ел намысын қорғайды.
Ұлттық құраманың тізімі:
Ерлер
75 келі: Петр Хребтов
85 келі: Алексей Чуркин, Едіге Емберді
95 келі: Нұрғиса Әділетұлы
110 келі: Артем Антропов
Әйелдер
77 келі: Аянат Жұмағали
86 келіден жоғары: Любовь Ковальчук
Айта кетейік, әлем чемпионаты 27 қазан - 8 қараша аралығында өтеді. Сонымен қатар байрақты бәсеке 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарына іріктеу алғашқы ресми кезеңі болмақ.
Еске салсақ, Софья Самоделкина екі Гран-при кезеңінде өнер көрсетеді.
Біздің серіктес: Sport12kz