6 сағат бұрын
Қазақстандық спортшылар жүзуден Астанадағы әлем кубогының финалында ойын көрсетті
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Астана қаласында «Барыс Аренада» жүзуден «Жібек жолы» сериясы аясында әлем кубогының алғашқы финалдары өтті, деп хабарлайды Sport12.kz.
ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дирекциясының баспасөз қызметі.
Бүгінгі финалда Қазақстан командасының үш өкілі сынға түсті. Айбат Мырзамұратов екі дисциплинада жүлдеге таласты. Ол 50 метрге брасс әдісімен жүзуде 26,50 секунд нәтиже көрсетіп, Қазақстан рекордын жаңартты және үздік сегіздікті түйіндеді. Ал 200 метрге кешенді жүзу бәсекесінде Айбат қашықтықты 1:57,91 уақытта бағындырып, оныншы орынға тұрақтады.
Тағы бір отандасымыз Егор Попов 100 метрге еркін стильде жүзудің финалында 47,74 секунд нәтиже көрсетіп, оныншы орыннан көрінді. Ал 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде Софья Сподаренко мәре сызығын 26,27 секундта кесіп өтіп, тоғызыншы нәтиже көрсетті.
Айта кетейік, жарыс 17 қазанға дейін жалғасады.
Еске салсақ, мәнерлеп сырғанаудан Төрт құрлық чемпионаты Алматыда өтеді.
Біздің серіктес: Sport12kz