2 күн бұрын
Қазақстандық триатлоншылар әлем кубогының кезеңінде бақ сынайды
Фото: Қазақстан ҰОК
Қазақстандық триатлоншылар Гонконгта өтетін әлем кубогының кезеңінде бақ сынайды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Ерлер арасындағы жарыста Арлан Жаңабай, Дарын Қонысбаев, Аян Бейсенбаев ел намысын қорғайды.
Еске сала кетейік, Арлан Жаңабай 2026 жылғы Азия ойындарында қола медаль жеңіп алған еді.
Гонконгтағы жарыс 7-8 қараша аралығында өтеді.
Еске салсақ, қазақстандық бес спортшысы 5–8 қараша аралығында Қытайдың Нанкин қаласында өтетін батуттағы гимнастикадан әлем чемпионатында өнер көрсетеді.
Біздің серіктес: Sport12kz