21 сағат бұрын
Михаил Шайдоров мәнерлеп сырғанаудан Гран-при кезеңінде бақ сынайды
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров Францияның Анже қаласында өтетін 2026/27 жылғы маусымдағы Гран-при сериясының алғашқы кезеңіне қатысады. Ерлер арасындағы қысқа бағдарлама 24 қазанда өтеді.
Шайдоров жарысқа Братиславада өткен Ондрей Непела мемориалының қола жүлдегері ретінде келеді. Қыркүйек айындағы турнирде ол 272,75 ұпай жинап, қысқа бағдарламада 95,98 ұпаймен жеке рекордын жаңартты.
Жаңа маусымдағы қысқа бағдарламасы Карлиньос Браунның Vidacarnaval композициясына қойылған. Оны канадалық хореограф Ше-Линн Бурн дайындаса, Кирилл Рихтердің музыкасына негізделген еркін бағдарламасын француз маманы Бенуа Ришо әзірледі.
Қазақстандық спортшының басты қарсыластарының бірі — екі дүркін Еуропа чемпионы Адам Сяо Хим Фа. Ол Братиславадағы жарыста Шайдоровтан 23,40 ұпайға қалып, бесінші орын алған. Сондай-ақ жүлдеге жапониялық Као Миура мен Сота Ямамото, эстондық Александр Селевко және оңтүстіккореялық Минкю Со таласуы мүмкін.
Франциядағы кезең алты турнирден тұратын Гран-при сериясын ашады. Шайдоров 6–8 қарашада Қытайда өтетін кезеңде де өнер көрсетеді. Екі жарыстың нәтижесі бойынша оның 10–12 желтоқсанда Чунцинде өтетін финалға жолдама алу мүмкіндігі анықталады.
Біздің серіктес: Sport12kz