Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 60 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

28.02.2025

Әлемдік Гран-при: Бибисара Асаубаева көшбасшылық орнын сақтап қала алмады

Әлемдік Гран-при: Бибисара Асаубаева көшбасшылық орнын сақтап қала алмады

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Монакода шахматтан әйелдер арасындағы әлемдік Гран-при турнирінің үшінші кезеңі аяқталды. Жарыс нәтижесінде Қазақстан құрамасының бірінші нөмірлі спортшысы Бибисара Асаубаева өзінің көшбасшылық орнын сақтап қала алған жоқ.

Монакода ол өте сәтсіз ойын көрсетті. Екі мәрте әлем чемпионы үшінші кезеңнің нәтижесі бойынша блиц түрінен 10 қатысушының арасынан соңғы орынды місе тұтты.
Аталған турнирде Бибисара Асаубаева бірде-бір мәрте жеңіске жеткен жоқ. Үш мәрте жеңіліп, алты мәрте тең түсті.
Қазақстандық шахматшы сәтсіз көрсеткішін ресейлік Александра Горячкина пайдаланып кетті. Ол FIDE Гран-при сайысының үшінші кезеңін жеңіп қана қойған жоқ. Көшбасшылық тізгінді қолға алды. 

Ресейдің Орск қаласының 26 жастағы гроссмейстері 236.67 балл жинап, Гран-при турнирінде бірінші орынға көтерілді. Одан кейінгі орындарда Бибисара Асаубаева (197.5) және қытайлық Тань Чжунъи (170) келеді.

Алдағы кезең 14-25 наурызға белгіленген. 



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан