Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 60 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

28.02.2025

QFL Президенті: Марат Омаров сөзінде тұрмады

QFL Президенті: Марат Омаров сөзінде тұрмады

Кейінгі 10 жылдан астам уақыт бойы футболдан Қазақстан чемпионатын ұйымдастырып келген Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасы 2025 жылғы маусым қарсаңында бұл құқығынан айрылды. Қазақстан футбол федерациясы осындай шешім шығарған. Лига президенті Ерлан Жамантаев федерация басшылығының бұл әрекеті лиганың ғана емес, қазақстандық футболдың беделіне нұқсан келтіру деп санайды. Оның сұхбаты QFL сайтында жарияланды.

Жамантаев федерация президентінің лиганы чемпионат ұйымдастыру құқығынан айыруы күтпеген шешім болғанын айтты. Себебі өзара кездесуде әңгіме мүлдем бөлек болған көрінеді. 

«Өздеріңіз білетіндей, мен де федерация президенті қызметіне үміткер болдым және аймақтық федерациялардың басым бөлігі маған дауыс беретінін білдім. Дегенмен сайлауға бірер күн қалғанда министр Ербол Мырзабосыновпен кездесіп, ол футболды дамытуға тың көзқарасы бар және қаржы ағынын реттеуге ниетті Марат Талғатұлын қолдауға шақырды. Ойлана келе, Омаровтың идеяларына сеніп, өз кандидатурамды федерация президенттігінен алып тастағаныммен, ҚКФЛ президенттігіне өз кандидатурамды ұсындым. Сөйтсем, ҚФФ президентінің бұл орынға өз жоспары болған екен. Омаров сайлауға Айдын Қожахметтің кандидатурасын ұсынды. Бірақ ол небәрі 3 дауыс жинады, ал мен 31 дауыс алдым. Осыдан кейін федерация лиганы жабу және оның барлық құқықтарын қайтарып алу туралы ресми хабарлама жіберді», - дейді Жамантаев. 

Лига басшысы федерация президентінің әрекетін түсіндіру үшін министрге барған. Ведомство басшысы және Марат Омаровпен кездесуде ол барынша қолдау көрсетуге дайын екенін айтқан, алайда іс жүзінде бәрі басқаша өрбіген. Айтуынша, туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың өзі ықпал ете алмаған тәрізді.

«Министрдің көзінше федерация басшысы маған қолдау көрсетілетініне уәде берді, тіпті ҚФФ вице-президенті қызметін ұсынды. Бірақ ертеңіне лигаға құқықтарды кері қайтарып алу туралы ресми растау келіп түсті. Сонымен қатар, ҚФФ лигаға өткен маусымда сатқан құқықтардың 50%-ын қайтаруды талап етті, бұл 500 миллион теңгеден астам қаражатты құрайды. Бұл әрекет – мені ғана емес, министрді де құрметтемеу», - дейді ол.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан