Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 60 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

28.02.2025

«Қайратта» тоғыз жыл жұмыс істеген спорт директоры қызметінен кетті  

«Қайратта» тоғыз жыл жұмыс істеген спорт директоры қызметінен кетті  

Фото: «Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубының жетекшілігінде кадрлық өзгерістер болды. Константин Александрович Лежнев спорт директоры қызметінен кетеді.

Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Бұл қызметті 2019 жылдан бері атқарып келген. Оның кезінде негізгі команда екі рет Қазақстан чемпионы атанып, ел Кубогы мен Суперкубогын жеңіп алды. Сондай-ақ УЕФА Конференция лигасының топтық кезеңінде өнер көрсетті. 2016 жылдан 2019 жылға дейін Лежнев «Қайрат» ФК Академиясының бас менеджері болды.

Клубтың жаңа спорт директоры болып бұған дейін бас скаут қызметін атқарған Арман Шынтасұлы Биркурманов тағайындалды. Ойыншы ретінде 1999–2001 және 2007–2009 жылдары «Қайрат» сапында ойнаған. Ол клуб құрылымында тоғыз маусым жұмыс істеді.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан