01.03.2025
«Атырау» маусымды жеңіспен бастады
Фото: «Атырау» ФК
Бүгін Қазақстан Премьер-лигасының алғашқы туры басталды.
Маусымның шымылдық ашар ойынында «Атырау» өз алаңында семейлік «Елімайды» 2:1 есебімен тізе бүктірді.
«Мұнайшы» стадионында өткен кездесудің есебін 11-минутта алаң иелері сапынан Едіге Оралбай ашты. Араға бар болғаны төрт минут салып Фейсал Мулич таразы басын теңестірді. Матчтағы жеңіс голын «Атырау» ойыншысы Барбоза пенальтиден соқты.
Енді келесі турда «мұнайшылар» «Оқжетпеспен» ойын үшін Көкшетауға қонаққа барады. Ал «Елімай» өз алаңы «Спартак» стадионында қызылордалық «Қайсарды» қабылдайды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Азамат Бақи