01.03.2025
Grand Slam жарысы: Дзюдошы Абылайхан Жұбаназар қола алды
Фото: olympic.kz
Абылайхан Жұбаназар Ташкентте өтіп жатқан әлемдік Grand Slam жарысының қола жүлдегері атанды.
Ол жұбаныш финалында жапониялық Сатаро Фуджияманы жеңді.
Абылайхан Жұбаназар 2000 жылдың 15 ақпанында Қазалы қаласында дүниеге келген. Спорт жолындағы алғашқы қадамын 2013 жылы қазақ күресінен бастаған. Қазір дзюдо күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері.
2022 жылы Азия ойындарында қола жүлде еншілесе, былтыр өткен «Grand Slam» турнирлерінде күміс және қола медаль иегері атанды. Сондай-ақ былтыр «Қазақстан барысы «Grand Slam» турнирінде үздік үштіктен көрінді. 2022 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетін денешынықтыру мамандығы бойынша бітіріп шықты.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан