Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

13.03.2025

Михаил Кукушкин АҚШ-тағы турнирді жеңіспен бастады

Михаил Кукушкин АҚШ-тағы турнирді жеңіспен бастады

Фото: Андрей Ударцев/Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин АҚШ-тың Финикс қаласында өтіп жатқан ATP Challenger турниріндегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

Жарыстың 1/16 финалында Михаил Кукушкин (АТР: 166) жапониялық теннисші Ясутака Утияманы (АТР: 160) тізе бүктірді.

Қос теннисші арасындағы кездесу 1 сағат 28 минутқа созылды. Нәтижесінде отандасымыз қарсыласынан 2:0 (6:4; 6:2) есебімен басым түсті.

Енді Кукушкин келесі кезеңде жапониялық Кэй Нисикоримен (АТР: 76) шеберлік байқасады. Аталған матч бүгін, сағат 23:00-ге жоспарланған.

Айта кетейік, дүбірлі доданың жалпы жүлде қоры 250 мың долларды құрайды.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан