30.10.2025
Елена Рыбакина жылдың қорытынды турнирінде кімдермен ойнайды?
Әлемнің алтыншы ракеткасы, қазақстандық Елена Рыбакина Эр-Риядқа (Сауд Арабиясы) келді, деп хабарлайды Sport12.kz
Жеребе нәтижесі бойынша қазақстандық теннисші Серена Уильямс тобына түсті. Оның қарсыластары Ига Швёнтек (Польша, №2), Аманда Анисимова (АҚШ, №4) және Мэдисон Киз (АҚШ, №7). Турнирдің басталуы 1 қарашаға жоспарланған.
Жарыстың жүлде қоры 15 500 000 еуроны құрайды.
Біздің серіктес: Sport12kz
Қанат Байұзақов