4 күн бұрын
Шымкенттегі теннис турнирінің жұптық сынында германиялық дуэт топ жарды
Фото: Қазақстан теннис федерациясы
Шымкентте өтіп жатқан ATP Challenger 50 сериясындағы турнирдің жұптық сыны мәресіне жетті. Германиялық теннисшілер Макс Вискандт пен Макс Ханс Реберг жарыс жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Шешуші кездесуде неміс тандемі Дали Бланш (АҚШ) пен Святослав Гулин (Ресей) жұбымен кездесті. Вискандт пен Реберг бірінші сетті сенімді өткізіп, басымдық танытты – 6:1. Екінші партияда ойын тартысты өріс алып, қарсыластар есепті теңестіре алды – 5:7. Турнир тағдыры шешуші супертай-брейкте шешіліп, онда германиялық спортшылар ширақ қимылдап, жеңісті иеленді – 10:6.
Турнир бағдарламасы бойынша келесі кезекте жеке сынның финалы өтеді. Жарыстың бірінші ракеткасы, қазақстандық Тимофей Скатов (№198 ATP) бас жүлде үшін Өзбекстан өкілі Сергей Фоминмен (№359 ATP) бақ сынасады.
Финалдық матч Астана уақытымен сағат 14:00-де басталады.
Еске салсақ, бұдан бұрын Елена Рыбакина Мадридтегі алғашқы кездесуінде жеңісті жұлып алды
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан