3 күн бұрын
Александр Бублик Штутгарттағы турнирдің ширек финалына шықты
Фото: Қазақстан теннис федерациясы
Теннистен Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Александр Бублик Штутгарттағы ATP 250 санатындағы шөп корт турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Екінші айналымда әлемнің 11-ракеткасына қарсы жергілікті теннисші, ATP рейтингінде 77-орында тұрған Ян-Леннард Штруфф кортқа шықты. Үш сетке созылған тартысты кездесу 1 сағат 45 минутта қазақстандық спортшының пайдасына аяқталды — 7:6, 3:6, 6:2. Матч барысында Бублик 22 рет эйс жасап, 2 қос қателік жіберді және иеленген 7 брейк-поинттың екеуін сәтті пайдаланды.
Ширек финалда Александр Бублик әлемнің 93-ракеткасы, франциялық Джованни Мпеши-Перрикармен кездесіп, жартылай финал жолдамасын сарапқа салады.
Еске салсақ, бұдан бұрын Теннисші Алан Құрманғалиев Швецияда өткен турнирде чемпион атанды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан