1 күн бұрын
Александр Бублик Штутгарттағы турнирде жарысты жалғастырады
Фото: Қазақстан теннис федерациясы
Теннистен Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Александр Бублик Штутгарттағы ATP 250 санатындағы шөп корт жарысында өнер көрсетуін сәтті жалғастыруда, деп хабарлайды Sport12.kz.
Отандасымыз турнирдің ширек финалына жекелей сында да, жұптық бәсекеде де жолдама алды.
Жұптық сында Бублик австралиялық Ник Кирьоспен тандем құрып, алғашқы айналымда Якуб Поль (Швейцария) мен Райан Сегерман (АҚШ) дуэтінен басым түсті. Тартысты өткен супер тай-брейк кездесуі 6:3, 2:6, 10:6 есебімен аяқталды.
Еске сала кетейік, бұған дейін әлемнің 11-ракеткасы жекелей сында да 1/4 финалға өткен болатын. Ол екінші айналымда жарыстың қожайыны, ATP рейтингінде 77-орында тұрған Ян-Леннард Штруффты үш сетте қапы қалдырды. 1 сағат 45 минутқа созылған матч 7:6, 3:6, 6:2 есебімен қазақстандық спортшының пайдасына шешілді.
Еске салсақ, бұдан бұрын 11 маусым күні қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Лондонда өтіп жатқан Queen’s Club Championships турнирінің 1/8 финалында Германия өкілі Татьяна Мариямен кездеседі.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан