Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

2 сағат бұрын

Билли Джин Кинг кубогы: теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының қарсыластары анықталды

Билли Джин Кинг кубогы: теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының қарсыластары анықталды

Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстандық теннисшілердің Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіндегі қарсыластары анықталды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіндегі алғашқы қарсыласы белгілі болды.

Жеребе қорытындысы бойынша қазақстандық теннисшілер ширек финалда Испания құрамасымен кездеседі. Ширек финалдық жұптардың толық құрамы төмендегідей:

Қазақстан – Испания

Италия – Қытай

Украина – Бельгия

Чехия – Ұлыбритания

Кездесулер 22-27 қыркүйек аралығында Шэньчжэньде (Қытай) өтеді.

Еске салсақ, бұдан бұрын Теннистен Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Александр Бублик Штутгарттағы ATP 250 санатындағы шөп корт жарысында өнер көрсетуін сәтті жалғастыруда.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан