1 күн бұрын
Александр Бублик өзін ресейлік сезіне ме?
Фото: Қазақстан теннис федерациясы
Қазақстандық үздік теннисші Александр Бублик Ресей күні мерекесімен құттықтауын жариялады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Александр Бублик 1997 жылы Ресейдің Гатчина қаласында дүниеге келді. 2016 жылдан бері Қазақстан намысын қорғап келеді.
Алайда бір елдің спортшысы екінші мемлекеттің атаулы күнімен құттықтап жатқаны түсініксіз. Әлде, ол әлі күнге дейін өзін ресейлік сезіне ме? Бұл жөнінде Қазақстан теннис федерациясы реми түсініктеме берген жоқ.
Еске салсақ, бұдан бұрын теннистен Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Александр Бублик Штутгарттағы ATP 250 санатындағы шөп корт жарысында өнер көрсетуін сәтті жалғастыруда.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан