Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

4 сағат бұрын

Елена Рыбакина Лондондағы турнирде ширек финалда сүрінді

Елена Рыбакина Лондондағы турнирде ширек финалда сүрінді

Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстанның әйелдер арасындағы жекелей сындағы бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Лондонда өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирдің ширек финалында өнер көрсетуін аяқтады, деп хабарлайды Sport12.kz.

Әлемдік рейтингте екінші орында тұрған және жарыстың бірінші нөмірлі спортшысы атанған қазақстандық теннисші 1/4 финалда әлемнің 73-ракеткасы, Ұлыбритания өкілі Кэти Бултермен кездесті.

Үш сетке созылған тартысты матчта Рыбакина 5:7, 6:2, 4:6 есебімен жеңіліп қалды.

Кездесу 2 сағат 39 минутқа жалғасты. Осы уақыт ішінде қазақстандық теннисші тоғыз эйс жасап, алты қос қателік жіберді және жеті брейк-пойнттың бесеуін сәтті пайдаланды.

Осылайша, Елена Рыбакина Лондондағы турнирдегі жорығын ширек финал кезеңінде аяқтады. Айта кетейік, ауа райына байланысты кейінге шегерілген алдыңғы айналымдағы матчын да ол жұма күні өткізген болатын.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан