2 сағат бұрын
Қазақстандық теннисші Түркия клубының намысын қорғайтын болды
Фото: Қазақстан ҰОК
Үстел теннисінен Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі Санжар Жұбанов Түркияның «Samvet TTC» клубының намысын қорғайтын болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Самсун қаласының командасы Түркия Премьер-лигасында өнер көрсетеді және ел чемпионатының күміс жүлдегері саналады.
Санжар Жұбанов жаңа клуб сапындағы алғашқы ойынын қараша айында өткізеді.
Айта кетейік, бұған дейін Алан Құрманғалиев Францияның «Хеннебон» клубымен келісімшартқа қол қойған болатын.
Еске салсақ, бұдан бұрын Астанада арбадағы теннистен Қазақстан чемпионатының шымылдығы түрілді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан