Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

1 күн бұрын

Жібек Құламбаева W50 турнирінің финалына жолдама алды

Жібек Құламбаева W50 турнирінің финалына жолдама алды

Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Болгарияның Хасково қаласында өтіп жатқан W50 санатындағы турнирдің жұптық сыны бойынша жартылай финалда жеңіске жетті, деп хабарлайды Sport12.kz.

Топырақ төсенішіндегі жарыста қазақстандық спортшы украиналық Валерия Страховамен бірге өнер көрсетуде. Құламбаева мен Страхова жұбы турнирде бірінші нөмірмен тіркелген. Финал жолдамасын сарапқа салған кездесуде олар жергілікті теннисшілер Ралица Александрова мен Валерия Гарневскаға қарсы ойнады.

Матч екі сетке созылып, Құламбаева мен Страхованың 6:2, 6:4 есебімен жеңісімен аяқталды.

W50 турнирінің чемпиондық атағы үшін қазақстандық-украиналық жұп 20 маусым күні Грекия өкілі Марта Матула мен АҚШ теннисшісі Хиба Шейхке қарсы кортқа шығады.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан