3 сағат бұрын
Кирилл Герасименко үстел теннисінен АҚШ-тағы турнирге қатысады
Фото: Қазақстан ҰОК
АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында үстел теннисінен беделді United States Smash турнирі өтеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қазақстан құрамасы атынан бұл жарысқа екі спортшы қатысады. Ел намысын Кирилл Герасименко мен Зауреш Ақашева қорғайды.
Турнирге Олимпиада ойындарының, әлем чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері Ван Чуцинь (Қытай), Трульс Морегард (Швеция), Томокадзу Харимото (Жапония), Феликс Лебрун (Франция), Уго Кальдерано (Бразилия), Сунь Инша (Қытай), Ван Маньюй (Қытай), Мива Харимото (Жапония), Сабина Винтер (Германия), Хина Хаята (Жапония) және басқа да танымал спортшылар қатысады.
United States Smash турнирі 26 маусым мен 5 шілде аралығында өтеді.
Еске салсақ, бұдан бұрын Ломакин Қытайдағы ITF турнирінің екінші айналымына шықты.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан