4 сағат бұрын
Лучано Дардери ATP 250 Almaty Open турниріне қатысады
Фото: Қазақстан теннис федерациясы
Италиялық теннисші Лучано Дардери 2026 жылғы 17-25 қазан аралығында Алматыда өтетін ATP 250 Almaty Open турниріне қатысатынын растады, деп хабарлайды Sport12.kz.
24 жастағы Италия өкілі ATP турында қарқынды дамып келе жатқан теннисшілердің бірі саналады. Осы маусымда Дардери әлемдік рейтингте өзінің мансабындағы ең жоғары көрсеткішке – 16-орынға көтерілді. Оның еншісінде жекелей сында жеңіп алған ATP санатындағы бес титул бар. Барлық жеңіс ATP 250 турнирлерінде тіркелген.
ATP 250 Almaty Open турнирі дәстүрлі түрде мықты теннисшілердің басын қосып, Қазақстан ғана емес, өзге елдердің де жанкүйерлерінің қызығушылығын тудырады. Турнир ATP-тің ресми күнтізбесіне енген және күз мезгіліндегі басты спорттық оқиғалардың бірі саналады.
Еске салсақ, бұдан бұрын Елена Рыбакина Уимблдондағы алғашқы қарсыласын әрең жеңді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан