Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

15 сағат бұрын

Анна Данилина Уимблдонды жеңіспен бастады

Анна Данилина Уимблдонды жеңіспен бастады

Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстанның әйелдер арасындағы жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина «Үлкен дулыға» санатындағы Уимблдон турнирінің алғашқы айналымында жеңіске жетті, деп хабарлайды Sport12.kz.

Әлемдік жұптық рейтингте алтыншы орында тұрған қазақстандық теннисші сербиялық Александра Круничпен бірге өнер көрсетуде. Олардың жұбы турнирдің үшінші нөмірлі фавориті атанды.

Алғашқы айналымда Данилина мен Круничтің қарсыластары канадалық Лейла Фернандес пен қазақстандық Юлия Путинцева болды.

Матч үш сетке созылып, Анна мен Александраның 6:2, 1:6, 6:3 есебімен жеңісімен аяқталды.

Кездесу 2 сағат 1 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде қазақстандық-сербиялық жұп төрт эйс жасап, бір қос қателікке жол берді және 14 брейк-пойнттың үшеуін сәтті пайдаланды.

Осылайша, Анна Данилина мен Александра Крунич турнирдің келесі кезеңіне өтті. Енді олар румыниялық Сорана Кырстя мен ресейлік Анна Калинская және украиналық Даяна Ястремская мен Ангелина Калинина жұптарының жеңімпазымен кездеседі.

Еске салсақ, Елена Рыбакина Уимблдондағы алғашқы қарсыласын әрең жеңді.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан