Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

15 сағат бұрын

Александр Бублик Уимблдонның жұптық сынындағы жарысты аяқтады

Александр Бублик Уимблдонның жұптық сынындағы жарысты аяқтады

Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстанның ерлер арасындағы жекелей сындағы бірінші ракеткасы Александр Бублик Уимблдондағы «Үлкен дулыға» санатындағы турнирдің жұптық сынының алғашқы айналымында өнер көрсетті, деп хабарлайды Sport12.kz.

Қазақстандық теннисші аустралиялық Ник Кирьоспен жұпта ойнауда. Олардың жұбы ұйымдастырушылардан wild card (арнайы шақырту) алды. Алғашқы айналымдағы қарсыластары жарыстың алтыншы нөмірлі жұбы – сальвадорлық Марсело Аревало мен хорватиялық Мате Павич болды.

Кездесу екі сетке созылып, Бублик пен Кирьос 3:6, 4:6 есебімен жеңіліп қалды.

Теннисшілер кортта 55 минут өткізді. Осы уақыт ішінде Александр мен оның жұбы алты эйс жасап, бес қос қателікке жол берді және бір брейк-пойнт мүмкіндігін пайдалана алмады.

Осылайша, Александр Бублик Уимблдонның жұптық сынындағы жарысты алғашқы айналымда аяқтады. Дегенмен, Қазақстанның бірінші ракеткасы жекелей сындағы өнерін жалғастырып, үшінші айналымға шығу үшін күреседі.

Еске салсақ, Анна Данилина Уимблдонды жеңіспен бастады.





Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан