Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

9 сағат бұрын

Анна Данилина Уимблдон-2026 турнирінің үшінші айналымына шықты

Анна Данилина Уимблдон-2026 турнирінің үшінші айналымына шықты

Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстанның әйелдер арасындағы жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина сербиялық Александра Круничпен бірге Уимблдон-2026 турнирінің 1/8 финалына жолдама алды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Екінші айналымда қазақстандық-сербиялық жұп украиналықтар Ангелина Калинина мен Даяна Ястремскаға қарсы ойнады.

Матч үш сетке созылып, Анна мен Александраның 2:6, 6:4, 6:0 есебімен жеңісімен аяқталды.

Теннисшілер кортта 1 сағат 47 минут өткізді. Осы уақыт ішінде Данилина мен оның жұптасы бір эйс жасап, алты рет қос қателікке жол берді және 13 брейк-пойнттың алтауын сәтті пайдаланды.

Ширек финалға шығу үшін Данилина мен Крунич эстониялық Ингрид Нейл мен мексикалық Джулиана Олмос және норвегиялық Ульрикке Эйкери мен америкалық Куинн Глисон жұптарының жеңімпазымен кездеседі.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Уимблдон-2026 турнирінің төртінші айналымына жолдама алды.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан