3 күн бұрын
Қазақстандық теннисші Уимблдон турнирінде екінші айналымға жолдама алды
Фото: Қазақстан теннис федерациясы
Дамир Жалғасбай Уимблдон-2026 турнирінің тағы бір санатында екінші айналымға жолдама алды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде Қазақстан теннис федерациясы мәлім етті.
Келесі айналымда қазақстандық-америкалық жұп латвиялық Рихардс Нейманис пен румыниялық Матей Тодоранға қарсы ойнайды. Сонымен қатар, Дамир Жалғасбай жекелей сында да жарысты жалғастырып жатыр.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қазақстанның әйелдер арасындағы жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина сербиялық Александра Круничпен бірге Уимблдон-2026 турнирінің 1/8 финалына жолдама алды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан