Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

18 сағат бұрын

Зангар Нұрланұлы Уимблдонның үшінші айналымына шықты

Зангар Нұрланұлы Уимблдонның үшінші айналымына шықты

Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстандық теннисші Зангар Нұрланұлы жасөспірімдер арасындағы Уимблдон-2026 турнирінде екінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Sport12.kz.

World Tennis жасөспірімдер рейтингінің тоғызыншы ракеткасы екінші айналымда әлемдік рейтингте 33-орында тұрған аустралиялық Даниэль Йовановскимен кездесті.

Матч екі сетке созылып, Нұрланұлының 6:1, 6:1 есебімен сенімді жеңісімен аяқталды. Теннисшілер кортта 55 минут өткізді.

Осылайша, Зангар Нұрланұлы жасөспірімдер арасындағы Уимблдон-2026 турнирінің үшінші айналымына жолдама алып, келесі кезеңде германиялық теннисші Венсан Рейсахпен кездеседі.

Ал қазақстандық тағы бір жасөспірім Дамир Жалғасбай жекелей сындағы жарысын екінші айналымда аяқтады. Дегенмен, ол Уимблдон-2026 турнирінің жұптық сынында өнер көрсетуін жалғастырады.

Еске салсақ, Дамир Жалғасбай Уимблдон-2026 турнирінің тағы бір санатында екінші айналымға жолдама алды.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан