4 күн бұрын
Александр Шевченко Швейцариядағы турнирде финалдан тыс қалды
Қазақстанның ерлер арасындағы жекелей сындағы екінші ракеткасы Александр Шевченко Швейцарияның Гштаад қаласында өтіп жатқан ATP 250 санатындағы турнирдің жартылай финалында жеңіліс тапты, деп хабарлайды Sport12.kz.
Әлемдік рейтингте 100-орында тұрған қазақстандық теннисші әлемнің 85-ракеткасы, грекиялық Стефанос Циципаспен кездесті.
Матч үш сетке созылып, Шевченконың 4:6, 6:3, 3:6 есебімен жеңілуімен аяқталды.
Теннисшілер кортта 1 сағат 55 минут өткізді. Осы уақыт ішінде Александр төрт эйс жасап, екі рет қос қателікке жол берді және өзі иеленген үш брейк-пойнттың біреуін сәтті пайдаланды.
Осылайша, Александр Шевченко Швейцариядағы турнирдегі өнерін жартылай финал кезеңінде аяқтады. Соған қарамастан, ол рейтингтік қоржынына қосымша ұпай жинап, ATP рейтингінің жаңартылған нұсқасында 16 сатыға жоғарылайды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан