Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

6 сағат бұрын

Тимофей Скатов ATP 250 турнирін жеңіспен бастады

Тимофей Скатов ATP 250 турнирін жеңіспен бастады

Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Португалияның Эшторил қаласында өтіп жатқан ATP 250 санатындағы топырақ төсенішіндегі турнирдің бірінші айналымында жеңіске жетті, деп хабарлайды Sport12.kz.

Әлемдік рейтингте 163-орында тұрған және негізгі кезеңге lucky loser (басқа қатысушының жарыстан бас тартуына байланысты) мәртебесімен өткен спортшы алғашқы айналымда әлемнің 98-ракеткасы, нидерландтық Йеспер де Йонгпен кездесті.

Кездесу үш сетке созылып, Скатовтың ерік-жігерінің арқасында 1:6, 6:4, 6:3 есебімен жеңісімен аяқталды.

Теннисшілер кортта 2 сағат 29 минут өткізді. Осы уақыт ішінде Тимофей бірде-бір эйс жасаған жоқ, үш рет қос қателікке жол берді және сегіз брейк-пойнттың бесеуін сәтті пайдаланды.

Осылайша, Тимофей Скатов Португалиядағы турнирдің екінші айналымына жолдама алып, онда әлемнің 14-ракеткасы әрі турнирдің бірінші нөмірлі ойыншысы, ресейлік Андрей Рублевке қарсы ойнайды.

Еске салсақ, бұдан бұрын Құламбаева WTA 250 турнирінің финалында жеңіліп қалды.




Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан