Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

8 сағат бұрын

Александр Бублик Аустриядағы турнирдің жартылай финалына шықты

Александр Бублик Аустриядағы турнирдің жартылай финалына шықты

Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстанның ерлер арасындағы бірінші ракеткасы Александр Бублик Аустрияның Кицбюэль қаласында өтіп жатқан ATP 250 санатындағы турнирдің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Sport12.kz.

Әлемдік рейтингте 11-орында тұрған және жарыстың бірінші нөмірлі сеяны болған қазақстандық теннисші жартылай финалға жолдама үшін әлемнің 81-ракеткасы, словакиялық Алекс Молчанмен кездесті.

Матч екі сетке созылып, Бубликтің 6:3, 6:2 есебімен сенімді жеңісімен аяқталды.

Теннисшілер кортта 1 сағат 9 минут өткізді. Осы уақыт ішінде Александр 12 эйс жасап, жеті рет қос қателікке жол берді және сегіз брейк-пойнттың төртеуін сәтті пайдаланды.

Финал жолдамасы үшін Александр Бублик әлемдік рейтингте 31-орында тұрған аргентиналық Томас Мартин Этчеверримен кездеседі.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қазақстан Ташкенттегі халықаралық турнирде жеті медаль жеңіп алды.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан