29.07.2023
Президент кубогы: Денис Евсеев жартылай финалға жолдама алды
Денис Евсеев Астанада өтіп жатқан Президент кубогы үшін челленджер турнирінің жартылай финалына шықты.
Қазақстанды теннисші ширек финалда дүниежүзілік рейтингте 657-орында тұрған белоруссиялық Александр Згировскиймен кездесті.
Бірінші партияда Д.Евсеев айқын басымдылық танытты – 6:2.
Екінші сетте белоруссиялық спортшы 4:1 есебімен алға кетті. Дегенмен бұдан кейін Евсеев қатарынан бес гейм алды – 6:4.
Бір сағаттан астам уақытқа созылған матчта Д.Евсеев 7 брейк-пойнттың төртеуін пайдалана білді.
Денис Евсеев финалға шығу үшін рейтингте 357-сатыдағы түркиялық Янки Эрельмен кездеседі.
Біздің серіктес: Sport12kz