Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

4 сағат бұрын

Алматыда жасөспірімдер арасында “Ролан Гаррос” турнирінің іріктеу кезеңі өтеді

Алматыда жасөспірімдер арасында “Ролан Гаррос” турнирінің іріктеу кезеңі өтеді

Фото: Қазақстан теннис федерациясы

17–22 тамыз аралығында Алматыда 2027 жылғы жасөспірімдер арасындағы "Ролан Гаррос" турниріне іріктеу жарыстары ұйымдастырылады, деп хабарлайды Sport12.kz.

Байрақты бәсекеде Орталық және Батыс Азия елдерінен келген 16 үздік ұл мен қыз теннисші бақ сынайды. Іріктеу кезеңінің жеңімпаздары қазан айында Жапонияда өтетін финалдық турнирге жолдама алады. Сол жарыста жасөспірімдер арасындағы "Ролан Гаррос" турнирінің негізгі кезеңіне берілетін жалғыз жолдама сарапқа салынады.

Алматыда Родион Трайгель, Диас Төлепбергенов, Бексұлтан Бауыржанов, Иван Бондаренко, Амина Нұрмахан, Линара Булешева, Алуа Марат және Влада Кузьменко ел намысын қорғайды.

Еске салсақ, Астанада «BI Open» турнирі өтеді.



Біздің серіктес: Sport12kz