3 күн бұрын
Соня Жиенбаева Испаниядағы W75 турнирінің финалына шықты
Фото: Қазақстан теннис федерациясы
Қазақстандық теннисші Соня Жиенбаева Испанияның Оренсе қаласында өтіп жатқан W75 санатындағы халықаралық турнирдің жартылай финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Финал жолдамасы үшін өткен кездесуде әлемдік рейтингте 630-орында тұрған Жиенбаева WTA рейтингінің 327-сатысындағы жапониялық Рина Сайгомен сынға түсті.
Екі сетке созылған матч қазақстандық теннисшінің 6:1, 7:6 (7:5) есебіндегі жеңісімен аяқталды.
Осылайша, Соня Жиенбаева турнирдің финалына шығып, чемпиондық атақ үшін болгариялық теннисші Изабелла Шиниковамен (WTA рейтингінде 442-орын) кездеседі.
Біздің серіктес: Sport12kz