Матч орталығы
Чемпиондар лигасы Футбол Қайрат Қайрат 0:1 Аяқталды Левски Левски Лига Чемпионов АФК Футбол Пахтакор Пахтакор 3:0 Аяқталды Аль Хуссейн Аль Хуссейн Чемпиондар лигасы Футбол Сабах Сабах 4:0 Аяқталды Орхус Орхус Чемпиондар лигасы Футбол Буде Глимт Буде Глимт 3:2 Қос. уақытта Юнион Юнион Еуропа лигасы Футбол Иберия Иберия 2:1 Қос. уақытта Ларн Ларн Вторая лига Болгарии Футбол Янтра Янтра 3:2 Аяқталды Монтана Монтана 23 жасқа дейінгі ойыншылар чемпионаты Футбол Спортинг U23 Спортинг U23 1:1 Аяқталды Лейрия U23 Лейрия U23 Чемпиондар лигасы Футбол Кауно Кауно 1:2 Аяқталды Динамо Динамо Конференциялар лигасы Футбол Аполлон Аполлон 2:4 Қос. уақытта Бранн Бранн Суперэттан Футбол Хельсингборг Хельсингборг 1:2 Аяқталды Вернаму Вернаму Чемпиондар лигасы Футбол НЕК НЕК 2:1 Қос. уақытта Олимпиакос Олимпиакос Конференциялар лигасы Футбол ЦСКА ЦСКА 1:2 Қос. уақытта Панатинаикос Панатинаикос Чемпиондар лигасы Футбол Црвена Звезда Црвена Звезда 0:2 Аяқталды Хапоэль Хапоэль Чемпиондар лигасы Футбол Целе Целе 2:0 Аяқталды Арарат Арарат Чемпиондар лигасы Футбол Слован Слован 2:0 Аяқталды Мьельбю Мьельбю Чемпиондар лигасы Футбол Штурм Штурм 0:1 Аяқталды Фенербахче Фенербахче Чемпиондар лигасы Футбол Лион Лион 3:0 Аяқталды Спарта Спарта Конференциялар лигасы Футбол Копенгаген Копенгаген 21:00 Бүгін Дебрецен Дебрецен Конференциялар лигасы Футбол Рапид Вена Рапид Вена 21:00 Бүгін Пайде Пайде Конференциялар лигасы Футбол Катовице Катовице 21:00 Бүгін Хапоэль Тель Авив Хапоэль Тель Авив

3 күн бұрын

«Asu Open»: Қазақстандық теннисшілер төрт финалға жолдама алды

«Asu Open»: Қазақстандық теннисшілер төрт финалға жолдама алды

Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Астанадағы «Beeline Arena» Ұлттық теннис орталығының хард корттарында W15/M15 санатындағы «Asu Open» халықаралық біріккен турнирі жалғасуда, деп хабарлайды Sport12.kz.

Кезекті жарыс күнінде ерлер мен әйелдер арасындағы жекелей сында ширек финал және жартылай финал матчтары өтті.

Ерлер арасында қазақстандық теннисші Дамир Жалғасбай Үндістан өкілдеріне қарсы екі кездесу өткізіп, сәтті өнер көрсетті. Ширек финалда ол Маан Кешарваниді 6:3, 6:1 есебімен сенімді түрде жеңді. Ал жартылай финалда Жалғасбай Мукунд Сасикумармен кездесті. Бірінші сетте қазақстандық теннисші 4:0 есебімен алда тұрған сәтте қарсыласы матчты жалғастырудан бас тартты.

Осылайша, Дамир Жалғасбай M15 турнирінде бірден екі санат бойынша финалға жолдама алды. Жекелей сында ол жарыстың бас жүлдесі үшін таласса, жұптық финалда Даниал Рахматуллаевпен бірге кортқа шығады.

«Жартылай финалдағы қарсыласым ширек финалда өте мықты теннисшіге қарсы үш сағатқа жуық ойнады. Біздің кездесуіміз басталғаннан-ақ оның баяу қозғалып, менің ойын ырғағымды бұзуға тырысқанын байқадым. Бірақ мен өз ойыныма барынша көңіл бөлуге тырыстым. Турнирдің алғашқы аптасымен салыстырғанда дайындығыма біраз өзгеріс енгіздім. Өткен аптада жартылай финалға келгенде шаршағанымды сезіндім. Сондықтан қазір қалпыма келуге көбірек көңіл бөліп жүрмін және оның пайдасын көріп отырмын. Бүгін ертерек ұйықтап, массаж жасатып, шешуші матчтарға дұрыс дайындалуға тырысамын. Бірден екі финалда ойнайтыныма өте қуаныштымын. Оның үстіне жұптық сында досым Даниалмен бірге өнер көрсетемін. Сондықтан жақсы нәтижеге қол жеткіземіз деп үміттенеміз», — деді Жалғасбай.

Әйелдер арасында Қазақстан өкілі Асылжан Арыстанбекова да сәтті өнер көрсетуін жалғастыруда. Ширек финалда ол 2026 жылғы жасөспірімдер арасындағы Уимблдон чемпионы Анна Пушкареваны 6:4, 6:4 есебімен жеңді.

Жартылай финалда Арыстанбекова «Asu Open» турнирінің алғашқы аптасының жеңімпазы Эдда Мамедовамен кездесті. Екінші сет барысында қазақстандық теннисшінің қарсыласы матчты жалғастырудан бас тартты. Нәтижесінде Арыстанбекова W15 турнирінің финалына жолдама алды.

Асылжан жұптық сында да чемпиондық атақ үшін күресін жалғастыруда. Ол Инкар Дюсебаймен бірге финалға шығып, турнирдің бас жүлдесі үшін таласады.

Осылайша, Қазақстан өкілдері «Asu Open» турнирінің екінші аптасындағы төрт финалдың барлығында өнер көрсетеді. Дамир Жалғасбай мен Асылжан Арыстанбекова жекелей сында чемпиондық атаққа таласса, қазақстандық теннисшілер ерлер мен әйелдер арасындағы жұптық бәсекенің финалында да кортқа шығады.

Шешуші матчтар жексенбі, 9 тамыз күні өтеді.

Еске салсақ, бұдан бұрын Соня Жиенбаева Испаниядағы W75 турнирінің финалына шықты.


Біздің серіктес: Sport12kz