Матч орталығы
Бірінші лига Футбол Тұран Тұран 0:4 Аяқталды Қайрат Ж Қайрат Ж Жолдастық кездесулер, клубтар Хоккей Ред Булл Ред Булл 0:1 Қос. уақытта Зальцбург Зальцбург Премьер-Лига Футбол Сараево Сараево 1:0 Аяқталды БСК Баня-Лука БСК Баня-Лука Про-Лига Футбол Аль-Кадисия Аль-Кадисия 0:1 Аяқталды Аль Иттихад Аль Иттихад Серия Б Футбол Виченца Виченца 3:2 Аяқталды Катанзаро Катанзаро Бірінші лига Футбол Фатих Карагюмрюк Фатих Карагюмрюк 2:1 Аяқталды Бурсаспор Бурсаспор Суперлига Футбол Эрзурумспор Эрзурумспор 0:4 Аяқталды Галатасарай Галатасарай Лига 1 Футбол Марсель Марсель 4:0 Аяқталды Страсбур Страсбур Ла Лига Футбол Бетис Бетис 1:0 Аяқталды Реал Сосьедад Реал Сосьедад Премьер-лига Футбол Ипсвич Ипсвич 19:00 Бүгін Сандерленд Сандерленд Премьер-лига Футбол Ноттингем Форест Ноттингем Форест 19:00 Бүгін Лидс Лидс Чемпионшип Футбол Вест Хэм Вест Хэм 19:00 Бүгін Чарльтон Чарльтон Премьер-лига Футбол Эвертон Эвертон 19:00 Бүгін Кристал Пэлас Кристал Пэлас Ла Лига Футбол Атлетик Бильбао Атлетик Бильбао 20:00 Бүгін Севилья Севилья Премьер-лига Футбол Брентфорд Брентфорд 21:30 Бүгін Тоттенхэм Тоттенхэм Ла Лига Футбол Валенсия Валенсия 22:30 Бүгін Сельта Сельта Бірінші лига Футбол Левски Левски 23:15 Бүгін Спартак Варна Спартак Варна Суперкубок Германии Футбол Боруссия Боруссия 23:30 Бүгін Бавария Бавария Суперлига Футбол Цюрих Цюрих 23:30 Бүгін Базель Базель Лига 1 Футбол Ле Ман Ле Ман 23:45 Бүгін Брест Брест

6 сағат бұрын

Қазақстандық теннисшілер «Roland-Garros Junior Series» финалына жолдама үшін таласады

Қазақстандық теннисшілер «Roland-Garros Junior Series» финалына жолдама үшін таласады

Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Алматыда 16 жасқа дейінгі теннисшілер арасында өтіп жатқан «Roland-Garros Junior Series by Renault – Qualifications West and Central Asia» халықаралық іріктеу турнирі мәресіне жақындап келеді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Жарыс «Gorky Tennis Park» кешенінің топырақ төсенішті корттарында өтіп, Орталық және Батыс Азия елдерінің үздік жас теннисшілерін жинады.

Өткен кездесулердің қорытындысы бойынша турнирдің шешуші матчтарына қатысушылар анықталды. Қазақстандық теннисшілер ұлдар және қыздар арасында жүлделі орындар үшін күресті жалғастыруда.

Ұлдар арасындағы бәсекеде бірінші орын үшін қазақстандық Родион Трайгель сынға түседі. Шешуші матчқа дейін ол алдымен сириялық Мухамад Эяд Салимді үш сетте — 6:3, 5:7, 6:2 есебімен жеңсе, кейін отандасы Амир Аскардан 6:2, 6:4 есебімен басым түсті. Бірінші орын үшін кездесуде оның қарсыласы Иран өкілі Киараш Садегизейди болады. Ол бұған дейін түрікменстандық Алы Гельдыев пен қазақстандық Бексұлтан Бауыржановты жеңді.

Қыздар арасындағы жарыста да Қазақстанның бірнеше өкілі сәтті өнер көрсетуде. Алуа Марат Елизавета Нигматулинаны — 6:3, 6:3, одан кейін тартысты үш сетке созылған кездесуде Айым Қанағатованы 7:5, 5:7, 6:2 есебімен жеңіп, бірінші орын үшін матчқа жолдама алды. Оның қарсыласы турнир барысында Амина Нұрмахан мен Тамина Сәкенді жеңген Өзбекстан өкілі Александра Бармичева болады.

Жарыстың қорытынды матчтары 22 тамызда өтеді. Ойын күні сағат 10:00-де басталады. Бірінші орын үшін кездесулерден бөлек, қатысушылар қорытынды кестедегі өзге орындарды да сарапқа салады. Финалдық матчтар аяқталғаннан кейін марапаттау рәсімі өтеді.

Еске сала кетейік, «Roland-Garros Junior Series by Renault – Qualifications West and Central Asia» турнирі Алматыда 17-22 тамыз аралығында өтуде.

Жарыс Қазақстан теннис федерациясы, Азия теннис федерациясы (ATF) және Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған. Турнирге Орталық және Батыс Азия елдерінен 16 жасқа дейінгі жас теннисшілер қатысуда.

Іріктеу кезеңінің жеңімпаздары қазан айында Жапонияда өтетін «Roland-Garros Junior Series» финалдық кезеңінде өнер көрсету мүмкіндігіне ие болады. Онда үздік жас теннисшілер «Roland-Garros» жасөспірімдер турнирінің негізгі кезеңіне жолдама үшін таласады.

Еске салсақ, Елена Рыбакина Цинциннати турнирінен қанша табыс тапқаны белгілі болды.


Біздің серіктес: Sport12kz