Матч орталығы
Ла Лига Футбол Бетис Бетис 1:0 Аяқталды Реал Мадрид Реал Мадрид Лига 1 Футбол ПСЖ ПСЖ 1:2 Аяқталды Монако Монако Примейра-лига Футбол Порту Порту 2:1 Аяқталды Морейренсе Морейренсе Премьер-Лига Футбол Оқжетпес Оқжетпес 16:00 Бүгін Ордабасы Ордабасы Премьер-лига Футбол Ньюкасл Ньюкасл 16:30 Бүгін Борнмут Борнмут Чемпионшип Футбол Линкольн Линкольн 16:30 Бүгін Саутгемптон Саутгемптон Чемпионшип Футбол Сток Сток 16:30 Бүгін Чарльтон Чарльтон Премьер-Лига Футбол Каспий Каспий 17:00 Бүгін Қайрат Қайрат Премьер-Лига Футбол Жетісу Жетісу 18:00 Бүгін Ертіс Ертіс Премьер-Лига Футбол Ақтөбе Ақтөбе 18:00 Бүгін Жеңіс Жеңіс Серия А Футбол Фиорентина Фиорентина 18:00 Бүгін Торино Торино Бундеслига Футбол Хоффенхайм Хоффенхайм 18:30 Бүгін Боруссия Боруссия Бундеслига Футбол Вердер Вердер 18:30 Бүгін Лейпциг Лейпциг Бундеслига Футбол Падерборн Падерборн 18:30 Бүгін Фрайбург Фрайбург Бундеслига Футбол Боруссия Боруссия 18:30 Бүгін Эльверсберг Эльверсберг Бундеслига Футбол Байер Байер 18:30 Бүгін Унион Унион Премьер-лига Футбол Фулхэм Фулхэм 19:00 Бүгін Кристал Пэлас Кристал Пэлас Премьер-лига Футбол Манчестер Сити Манчестер Сити 19:00 Бүгін Ковентри Ковентри Премьер-лига Футбол Брентфорд Брентфорд 19:00 Бүгін Сандерленд Сандерленд Чемпионшип Футбол Шеффилд Шеффилд 19:00 Бүгін Норвич Норвич

11 сағат бұрын

Анна Данилина US Open турнирінің екінші айналымына шықты

Анна Данилина US Open турнирінің екінші айналымына шықты

Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Әйелдер арасындағы жұптық сында Қазақстанның бірінші ракеткасы Анна Данилина маусымдағы соңғы «Үлкен дулыға» санатындағы турнир — АҚШ ашық чемпионатының бірінші айналымында жеңіске жетті, деп хабарлайды Sport12.kz.

Әлемдік рейтингте алтыншы орында тұрған Данилина US Open турнирінде сербиялық Александра Круничпен жұптасып өнер көрсетуде. Қазақстан-Сербия дуэті турнирде үшінші нөмірмен тіркелген. Бірінші айналымда олар чилилік Алекса Гуарачи мен мысырлық Маяр Шерифке қарсы ойнады.

Кездесу екі сетке созылып, Анна мен Александраның 7:5, 7:6 (9:7) есебімен жеңісімен аяқталды.

Теннисшілер хард кортта тура 2 сағат өткізді. Осы уақыт ішінде Данилина мен Крунич бірде-бір эйс жасамады, үш қос қателік жіберіп, 12 брейк-пойнттың үшеуін сәтті пайдаланды.

Екінші айналымда Қазақстан-Сербия жұбы Татьяна Мария (Германия)/Зейнеп Сөнмез (Түркия) және Екатерина Александрова/Талия Гибсон (Австралия) жұптары арасындағы кездесудің жеңімпаздарымен ойнайды.

Еске салсақ, бұдан бұрын қазақстандық теннисші Юлия Путинцева мен италиялық Элизабетта Коччаретто АҚШ ашық чемпионатының әйелдер арасындағы жұптық турниріне қатысудан бас тартты.



Біздің серіктес: Sport12kz