11 сағат бұрын
Almaty Open ATP 250 турниріне БАҚ аккредитациясы ашылды
Фото: Қазақстан теннис федерациясы
Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі Almaty Open ATP 250 халықаралық турниріне бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін аккредиттеу басталғанын мәлім етті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Аккредитацияға өтінімдер 2026 жылғы 4 қыркүйек пен 9 қазан аралығында қабылданады.
Жарыс залында матчтар мен сұхбаттарды жаңалықтар форматы үшін видеоға түсіруге тыйым салынады! Турнир қатысушыларымен сұхбаттарды тек матчтан кейінгі баспасөз конференцияларында өткізуге рұқсат етіледі. Бейнематериалдар сұраныс бойынша ұйымдастыру комитеті тарапынан ұсынылады.
Сұхбаттарға, ресми пікірлерге және түсірілімдер ұйымдастыруға қатысты сұрақтарды z.kussanova@ktf.kz электрондық поштасына жолдауларыңызды сұраймыз.
· Белгіленген мерзімнен кейін жіберілген өтінімдер, сондай-ақ жарнама және букмекерлік компаниялар өкілдерінің өтінімдері қабылданбайды;
· Турнирдің ұйымдастыру комитеті себебін түсіндірместен аккредитациядан бас тарту құқығын өзіне қалдырады.
9 қазаннан кейін келіп түскен өтінімдер қарастырылмайды. Аккредитацияның расталғаны туралы ақпарат өтінімдерді қабылдау және өңдеу аяқталғаннан кейін БАҚ өкілдеріне жіберіледі.
Almaty Open ATP 250 турнирі 2026 жылғы 17–25 қазан аралығында Алматыда өтеді. ATP 250 санатындағы жарыс Қазақстанда әлемдік турдың танымал теннисшілерін жинайды.
Турнирге қатысуға өтінім берген ойыншылар қатарында Қазақстан теннисінің көшбасшысы Александр Бублик, әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы және US Open чемпионы Даниил Медведев, Олимпиада жүлдегері әрі ATP турнирлерінің бірнеше дүркін чемпионы Карен Хачанов, сондай-ақ Александр Шевченко, Лучано Дардери, Томаш Махач және Фабиан Марожан бар.
Еске салсақ, Анна Данилина US Open турнирінің екінші айналымына шықты.
Біздің серіктес: Sport12kz