Матч орталығы
ЮС Опен мужчины Теннис Александр Зверев Александр Зверев 3:1 Аяқталды Бен Шелтон Бен Шелтон Суперлига Футбол Панатинаикос Панатинаикос 3:0 Аяқталды Панетоликос Панетоликос Лига 1 Футбол Брест Брест 0:1 Аяқталды ПСЖ ПСЖ Серия А Футбол Сассуоло Сассуоло 3:2 Аяқталды Ювентус Ювентус Ла Лига Футбол Реал Сосьедад Реал Сосьедад 0:3 Аяқталды Атлетико Атлетико Примейра-лига Футбол Фамаликан Фамаликан 1:1 Аяқталды Спортинг Спортинг Челленджер Фантхьет 4 Теннис Григорий Ломакин Григорий Ломакин 1:0 2-сет Адитя Вишал Балсекар Адитя Вишал Балсекар Серия А Футбол Торино Торино 21:30 Бүгін Рома Рома Серия А Футбол Комо Комо 21:30 Бүгін Парма Парма Суперлига Футбол Газиантеп Газиантеп 22:00 Бүгін Фенербахче Фенербахче Серия А Футбол Интер Интер 23:45 Бүгін Удинезе Удинезе Премьер-лига Футбол Лидс Лидс 00:00 Ертең Ньюкасл Ньюкасл Ла Лига Футбол Вильярреал Вильярреал 00:00 Ертең Бетис Бетис Примейра-лига Футбол Морейренсе Морейренсе 00:15 Ертең Маритиму Маритиму Примейра-лига Футбол Брага Брага 00:45 Ертең Эшторил Эшторил Юношеская лига УЕФА Футбол OFK Mladost DG U19 OFK Mladost DG U19 19:00 Ертең Кайрат до 19 Кайрат до 19 Ла Лига Футбол Райо Вальекано Райо Вальекано 22:00 Ертең Эспаньол Эспаньол Ла Лига Футбол Алавес Алавес 23:00 Ертең Валенсия Валенсия Эредивизи Футбол Аякс Аякс 23:00 Ертең Виллем 2 Виллем 2 Чемпионшип Футбол Мидлсбро Мидлсбро 23:45 Ертең Миллуолл Миллуолл

10 сағат бұрын

Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің бірінші ракеткасы атанды

Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің бірінші ракеткасы атанды

Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстанның әйелдер арасындағы жекелей сындағы бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) әлемдік рейтингінде ресми түрде көш бастады, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл жөнінде Қазақстан теннис федерациясы мәлім етті.

Рейтинг жаңартылғаннан кейін қазақстандық теннисшінің еншісінде 9 901 ұпай бар. Рыбакина екінші орыннан бірінші орынға көтеріліп, 7 875 ұпаймен екінші сатыда тұрған Арина Соболенкодан озды. Теннисшілер арасындағы айырмашылық 2 026 ұпайды құрайды. Үздік үштікті америкалық Джессика Пегула 7 265 ұпаймен түйіндеп тұр.

Бірінші орын үшін күресте шешуші турнир US Open-2026 болды. Қытайлық Чжэн Циньвэньді жеңіп, жартылай финалға шығуы Рыбакинаға турнирдің кейінгі нәтижелеріне қарамастан әлемдік рейтингтегі көшбасшылықты қамтамасыз етті. US Open басталған кезде бірінші орынға Арина Соболенко, Джессика Пегула және Коко Гауфф та таласқан болатын.

Кейін Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы мәртебесін иеленіп қана қоймай, турнирді чемпиондық атақпен аяқтады. Финалда ол Арина Соболенконы 6:4, 5:7, 6:2 есебімен жеңді. Бұл Еленаның US Open турниріндегі алғашқы және мансабындағы «Үлкен дулыға» жарыстарындағы үшінші титулы болды.

Осылайша, 27 жастағы Елена Рыбакина WTA тарихында әлемдік рейтингтің бірінші сатысына көтерілген 30-шы теннисші атанды. Сондай-ақ ол ерлер мен әйелдер арасында жекелей сында әлемдік рейтингті басқарған Қазақстанның тұңғыш өкілі болды.

Еске салсақ, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаны АҚШ ашық чемпионатындағы жеңісімен құттықтады.


Біздің серіктес: Sport12kz