Матч орталығы
КХЛ Хоккей СКА СКА 1:3 Аяқталды Автомобилист Автомобилист Чемпиондар лигасы Футбол Сабах Сабах 1:2 Аяқталды Боруссия Боруссия Чемпиондар лигасы Футбол Фенербахче Фенербахче 2:2 Аяқталды Славия Славия Ұлттық лига Хоккей Клотен Клотен 4:3 Аяқталды Лозанна Лозанна Ұлттық лига Хоккей Серветт Серветт 2:5 Аяқталды Лугано Лугано Про-лига Футбол Аль-Наср Аль-Наср 1:0 Аяқталды Неом Неом Футзалдық әлем чемпионатының еуропалық іріктеуі Футзал Испания Испания 3:1 Аяқталды Финляндия Финляндия Чемпионшип Футбол Вулверхэмптон Вулверхэмптон 1:1 Аяқталды Портсмут Портсмут Чемпиондар лигасы Футбол Манчестер Сити Манчестер Сити 5:1 Аяқталды АЕК АЕК Чемпиондар лигасы Футбол Рома Рома 4:0 Аяқталды Слован Слован Чемпиондар лигасы Футбол Наполи Наполи 4:3 Аяқталды Буде Глимт Буде Глимт Чемпиондар лигасы Футбол Штутгарт Штутгарт 1:1 Аяқталды Атлетико Атлетико Чемпиондар лигасы Футбол ПСЖ ПСЖ 4:2 Аяқталды Барселона Барселона Чемпиондар лигасы Футбол Порту Порту 0:1 Аяқталды ПСВ ПСВ Чемпиондар лигасы Футбол Ливерпуль Ливерпуль 4:3 Аяқталды Вильярреал Вильярреал Алматы мужчины Теннис Заңғар Нұрланұлы Заңғар Нұрланұлы 12:40 Бүгін Томаш Махач Томаш Махач КХЛ Хоккей Адмирал Адмирал 14:30 Бүгін Барыс Барыс Алматы мужчины Теннис Стефанос Циципас Стефанос Циципас 19:30 Бүгін Михаил Кукушкин Михаил Кукушкин Эр-Рияд, выставочный турнир Теннис Александр Зверев Александр Зверев 21:30 Бүгін Тейлор Фриц Тейлор Фриц КХЛ Хоккей Спартак Спартак 21:30 Бүгін ЦСКА ЦСКА

6 сағат бұрын

Almaty Open ATP 250: негізгі кезеңнің алғашқы жеңімпаздары анықталды

Almaty Open ATP 250: негізгі кезеңнің алғашқы жеңімпаздары анықталды

Фото: Қазақстан теннис федерациясы

19 қазанда Almaty Arena аренасында Almaty Open ATP 250 халықаралық турнирінің негізгі кезеңі басталды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Алғашқы ойын күні ерлер арасындағы жекелей сында бірінші айналымның бес кездесуі өтті. Қазақстандық жанкүйерлер үшін басты оқиға кәсіби мансабындағы соңғы турнирге қатысып жатқан Михаил Кукушкиннің жеңісі болды.

Кукушкин өз жанкүйерлерінің алдында жеңіске жетті

Негізгі кезеңге арнайы шақырту (wild card) алған қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин іріктеу кезеңінен өткен Грекия өкілі Стефанос Сакелларидисті 7:6 (7:4), 7:6 (7:3) есебімен жеңді.

Екі сет те тартысты өтіп, тай-брейкте аяқталды. Шешуші сәттерде 38 жастағы қазақстандық теннисші сабырлылық танытып, кездесуді өз пайдасына аяқтады.

Бұл жеңістің Кукушкин үшін маңызы ерекше. Бұған дейін ол Almaty Open турнирі кәсіби мансабындағы соңғы жарыс болатынын хабарлаған еді. Өз жанкүйерлерінің қолдауымен өнер көрсеткен теннисші екінші айналымға жолдама алды.

Диас Акоста сегізінші нөмірлі теннисшіні жеңді

Аргентиналық теннисшілер арасындағы кездесуде Факундо Диас Акоста сегізінші нөмірмен тіркелген Тьяго Агустин Тирантені 6:7 (3:7), 6:1, 6:4 есебімен жеңді.

Алғашқы сетте тай-брейкте жеңілген Диас Акоста екінші партияда бастаманы өз қолына алып, 6:1 есебімен басым түсті. Шешуші сетте маңызды брейк жасап, матчты жеңіспен аяқтады.

Маннарино үш сетке созылған кездесуде басым түсті

Турнирдің бұрынғы чемпионы, франциялық Адриан Маннарино австралиялық Александр Вукичті 7:6 (7:4), 4:6, 6:3 есебімен жеңді.

Бірінші сетте Маннарино тай-брейкте басым түсті. Екінші партияда Вукич есепті теңестірді. Алайда шешуші сетте француз теннисшісі қайтадан басымдыққа ие болып, келесі айналымға өтті.

Басилашвили Чиличтен басым түсті

Іріктеу кезеңінен өткен грузиялық Николоз Басилашвили арнайы шақырту (wild card) алған хорватиялық Марин Чиличті 6:2, 7:5 есебімен жеңді.

Басилашвили алғашқы сетті сенімді өткізіп, қарсыласына небәрі екі гейм берді. Екінші партияда Чилич қарсылық көрсеткенімен, грузиялық теннисші кездесуді екі сетте аяқтады.

Дакворт Кецмановичті жеңді

Австралиялық Джеймс Дакворт сербиялық Миомир Кецмановичті 6:4, 6:3 есебімен жеңіп, екінші айналымға жолдама алды.

Дакворт өз доп беруінде тұрақты ойын көрсетіп, қарсыласының доп беруіндегі маңызды мүмкіндіктерді тиімді пайдаланды.

Almaty Open ATP 250 турнирінің кездесулері Almaty Arena аренасында жалғасады. Халықаралық жарыс 17–25 қазан аралығында өтеді.

Еске салсақ, Стефанос Циципас Almaty Open турнирінде Михаил Кукушкинмен кездеседі.




Біздің серіктес: Sport12kz