Матч орталығы
КХЛ Хоккей СКА СКА 1:3 Аяқталды Автомобилист Автомобилист Чемпиондар лигасы Футбол Сабах Сабах 1:2 Аяқталды Боруссия Боруссия Чемпиондар лигасы Футбол Фенербахче Фенербахче 2:2 Аяқталды Славия Славия Ұлттық лига Хоккей Клотен Клотен 4:3 Аяқталды Лозанна Лозанна Ұлттық лига Хоккей Серветт Серветт 2:5 Аяқталды Лугано Лугано Про-лига Футбол Аль-Наср Аль-Наср 1:0 Аяқталды Неом Неом Футзалдық әлем чемпионатының еуропалық іріктеуі Футзал Испания Испания 3:1 Аяқталды Финляндия Финляндия Чемпионшип Футбол Вулверхэмптон Вулверхэмптон 1:1 Аяқталды Портсмут Портсмут Чемпиондар лигасы Футбол Манчестер Сити Манчестер Сити 5:1 Аяқталды АЕК АЕК Чемпиондар лигасы Футбол Рома Рома 4:0 Аяқталды Слован Слован Чемпиондар лигасы Футбол Наполи Наполи 4:3 Аяқталды Буде Глимт Буде Глимт Чемпиондар лигасы Футбол Штутгарт Штутгарт 1:1 Аяқталды Атлетико Атлетико Чемпиондар лигасы Футбол ПСЖ ПСЖ 4:2 Аяқталды Барселона Барселона Чемпиондар лигасы Футбол Порту Порту 0:1 Аяқталды ПСВ ПСВ Чемпиондар лигасы Футбол Ливерпуль Ливерпуль 4:3 Аяқталды Вильярреал Вильярреал Алматы мужчины Теннис Заңғар Нұрланұлы Заңғар Нұрланұлы 12:40 Бүгін Томаш Махач Томаш Махач КХЛ Хоккей Адмирал Адмирал 14:30 Бүгін Барыс Барыс Алматы мужчины Теннис Стефанос Циципас Стефанос Циципас 19:30 Бүгін Михаил Кукушкин Михаил Кукушкин Эр-Рияд, выставочный турнир Теннис Александр Зверев Александр Зверев 21:30 Бүгін Тейлор Фриц Тейлор Фриц КХЛ Хоккей Спартак Спартак 21:30 Бүгін ЦСКА ЦСКА

6 сағат бұрын

Almaty Open: Тимофей Скатов Марожанмен кездеседі

Almaty Open: Тимофей Скатов Марожанмен кездеседі

Фото: Қазақстан теннис федерациясы

20 қазанда Almaty Arena кешенінде ATP 250 санатындағы Almaty Open халықаралық турнирінің негізгі кезеңіндегі бірінші айналым матчтары жалғасады, деп хабарлайды Sport12.kz.

Күннің басты кездесулерінің бірі қазақстандық теннисші Тимофей Скатовтың қатысуымен өтеді. Сондай-ақ Стефанос Циципас пен Карен Хачанов кортқа шығады.

Ұйымдастырушылардың арнайы шақыртуына (wild card) ие болған 25 жастағы Тимофей Скатов венгриялық Фабиан Марожанмен кездеседі. Қазақстандық теннисші ATP әлемдік рейтингінде 201-орында тұрса, қарсыласы 64-сатыға жайғасқан.

Бұған дейін екі спортшы 2023 жылы Рим мен Венадағы ATP турнирлерінің іріктеу кезеңінде екі рет кездескен. Екі матчта да Марожан жеңіске жеткен. Ал ATP Tour турнирлерінің негізгі кезеңінде олар алғаш рет өзара сынға түседі.

Кезінде жасөспірімдер арасында әлемнің бірінші ракеткасы атанған Скатов 2020 жылы Астанада өткен турнирде ATP Tour деңгейіндегі алғашқы кездесуін өткізді. Бір жылдан кейін ол италиялық Андреас Сеппиді жеңіп, осы деңгейдегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Қазақстандық теннисшінің еншісінде ATP Challenger сериясындағы үш титул және Дэвис кубогында әлемдік рейтингтің үздік отыздығына кіретін қарсыластарды жеңген нәтижелері бар.

Оның қарсыласы Фабиан Марожан 2023 жылы Римдегі Masters 1000 турнирінде сол кездегі әлемнің екінші ракеткасы Карлос Алькарасты жеңуімен танымал. Биыл венгриялық спортшы Окленд, Бухарест және Мальоркадағы ATP турнирлерінде жартылай финалға дейін жетті. Ал өткен жылғы Almaty Open жарысында ширек финалда өнер көрсетті.

Күннің тағы бір маңызды кездесуінде турнирдің жетінші ракеткасы Стефанос Циципас америкалық Александр Ковачевичпен шеберлік байқасады. Кезінде әлемдік рейтингте үшінші орынға көтерілген және ATP деңгейінде 13 титул жеңіп алған грек теннисшісі 2022 жылы Астанада өткен осы турнирдің финалына дейін жеткен болатын.

Циципас пен Ковачевич бұған дейін екі рет кездесіп, бір-бірден жеңіске жеткен. Соңғы матч 2026 жылы Уинстон-Сейлемде өтіп, америкалық теннисшінің пайдасына аяқталды. Бұл кездесудің жеңімпазы екінші айналымда қазақстандық Михаил Кукушкинмен ойнайды. Ол алғашқы матчында грек теннисшісі Стефанос Сакелларидисті жеңген еді.

Сондай-ақ орталық кортта 2024 жылғы турнир чемпионы Карен Хачанов өнер көрсетеді. Бесінші нөмірмен тіркелген теннисші іріктеу кезеңінен өткен 20 жастағы жапониялық Рэй Сакамотомен кездеседі. Жас спортшы бұған дейін жасөспірімдер арасындағы әлемдік рейтингте көш бастаған. Ал биыл қазан айында Шанхайдағы Masters 1000 турнирінде Андрей Рублевті жеңді.

Тағы бір кездесуде франциялық Теренс Атман 2023 жылғы Australian Open турнирінің жұптық сындағы чемпионы, австралиялық Ринки Хидзикатамен ойнайды. Бұл олардың алғашқы кездесуі болмақ.

Сонымен қатар бірінші кортта жапониялық Сё Симабукуро мен іріктеу кезеңінен өткен ресейлік Роман Сафиуллин өзара сынға түседі.

ATP 250 санатындағы Almaty Open турнирі Almaty Arena кешенінде өтіп жатыр. Жарысқа Қазақстанның және шетелдердің жетекші теннисшілері қатысуда.

Еске салсақ, Almaty Arena аренасында Almaty Open ATP 250 халықаралық турнирінің негізгі кезеңі басталды.


Біздің серіктес: Sport12kz